Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, сот тиісті ақпараттарды қайта қарай отырып, желтоқсанның 2-сі күні жаңа шешім шығарды. Оған сәйкес 53 материал мен аудиобасылымдар экстремистік материалдар тізімінен алынып тасталды.