Бұл туралы бүгін аталған департамент директорының орынбасары Асқар Ермағанбетов табиғи монополия субъектілерінің тарифтік сметаларының орындалуы бойынша өткен дөңгелек үстел барысында мәлім етті.
Оның атап өтуінше, айыппұл салынған субъектілердің қатарында «Астана-Жылыутранзит» АҚ, «Астана су арнасы» МКК, «Астана-энергия» ЖШС, «Астанаэнергосбыт» ЖШС, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ және «Темірсервис Астана» ЖШС бар. Жалпы айыппұлдың көлемі 14 миллионнан астам теңгені құрайды.