деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.
Сайлау Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының көмегімен Астана қаласының жоғары және орта, мамандандырылған кәсіптік оқу орындарының студенттерінің арасында өткізілетін болады. Осы жолғы сайлаудан кейін Жастар мәслихаты аудандық және қалалық болып бөлінеді.
Қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Салтанат Әлидің айтуынша, алдағы сайлауға 67-70 мың адам қатысады деп жоспарланып отыр.
Астана қаласының Жастар мәслихаты қаланың 14- 29 жас аралығындағы жастарын біріктіріп, саясатта, экономикада, әлеуметтік ортада өз орнын табуға, нағыз тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізуде.
108 белсенділер қауымынан, 30 депутаттан құралған Астана қаласының Жастар мәслихаты болашақ саясаткерлер мектебі негізін қазіргі күннен бастап қалауда.