Астана қалалық Жол полициясы басқармасы Тіркеу-емтихан қабылдау бөлімі уақытша жабылатындығын ескертті

АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - Астана қаласының Ішкі істер департаменті Жол полициясы басқармасы Промзона,35 мекен-жайында орналасқан Тіркеу-емтихан қабылдау бөлімі уақытша жабылатындығын ескертті.

«Техникалық себептерге байланысты Астана қалалық ІІД ЖПБ-ның Тіркеу-емтихан қабылдау бөлімі (Промзона,35) қыркүйектің 16, 17 және 18 күндері азаматтарды қабылдамайды. Бұл күндері Сарыарқа, Есіл және Алматы аудандарының тұрғындары көлік құралдарын тіркеу мәселесі бойынша Жаңа-Жол,6 мекен-жайында («Терра-Моторс» автосалоны) орналасқан Тіркеу-емтихан қабылдау бөліміне бара алады», делінген ЖПБ баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.