«№ 59, 315, 316, 317, 327, 329 қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы ауа-райының нашарлауына байланысты уақытша тоқтатылды. Аталған нөмірлі автобус бағдарларынан басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияда», — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, күн райының бұзылуына байланысты Қазақстанның 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
12 қазанда сағат 19:00–де ауа райының бұзылуына байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1291-1426 шақырымы аралығындағы Астана-Теміртау бағытында сондай-ақ «Қызылорда-Павлодар», «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» бағытында автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.