Елорда әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 22-30 мамыр аралығында Дүйсенбаев көшесінен тұйыққа дейін Ш. Бөкеев көшесінің учаскесінде қозғалыс толығымен шектеледі.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.