– Астананың дамуына салынған жеке және мемлекеттік инвестициялардың қомақты көлемі экономиканың тұрақты өсуіне серпін берді. Жыл басынан бері жалпы өнім көлемі өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 8,9%-ға өсіп, 4,2 триллион теңгені құрады, – деді ол.
Оның айтуынша, экономиканың белсенді дамуы мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдердің 28,8%-ға немесе 558 млрд теңгеге артуын қамтамасыз еткен. Алайда корпоративтік табыс салық төлеушілерінің бір бөлігінің қайта бөлінуіне байланысты негізгі өсім республикалық бюджет бойынша тіркелген – 47% немесе 535 млрд теңге.
– Жергілікті бюджет бойынша салық жинау деңгейі өткен жылдың нақты базасынан 110,1%-ды құрайды. Сол себепті ағымдағы нақтылау шеңберінде тек жоспардан тыс салықтық емес түсімдер – 12,4 млрд теңгені пайдалану жоспарланды, – деді ол.
Айжан Түгелбаеваның мәліметінше, қосымша шығыстарға бөлінген қаржыландырудың жалпы көлемі 71,8 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 54 млрд теңгеден астамы әлеуметтік міндеттемелер мен субсидиялауға бағытталады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, СҚО-да кәсіпкерлердің салық берешегі 6 млрд теңгеге жуықтады.