Оның айтуынша, бюджеттің түсімдер бөлігінде меншікті кірістер 1 316 947 млн теңгені, ал республикалық бюджеттен бөлінген қаражат 102 921 млн теңгені құрады.
– Мектептердегі оқушылар контингентінің 33 мыңнан астам балаға артуына байланысты әлеуметтік саладағы шығыстардың едәуір бөлігі – 14,7 млрд теңге білім беру жүйесіне бағытталады. Бұл қаражат педагогтердің еңбекақысын төлеуге, орта білімді жан басына шаққандағы қаржыландыруға, оқулықтар сатып алуға, жаңа сыныптарды материалдық-техникалық жарақтандыруға, сондай-ақ оқушыларды қосымша біліммен қамтуға жұмсалады, – деді ол.
Спикердің айтуынша, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында да әлеуметтік қызмет алушылар контингентінің өскені байқалады. Осыған байланысты мүгедектігі бар 5 мыңнан астам адамды және әлеуметтік осал топтардағы 29 мың азаматты қолдауға 5,8 млрд теңге бөлу көзделіп отыр.
– Автобус паркін қосымша субсидиялауға 15 млрд теңге, ал жылыту маусымына дайындық аясында отын сатып алуға 8 млрд теңге қаражат қарастырылған. Аумақтарды абаттандыру мен дамытуға 19,5 млрд теңге бөлінеді, – деп толықтырды Айжан Түгелбаева.
Сонымен қатар Астана қаласының бюджетіне 558 млрд теңге салық түскенін жазғанбыз.