А. Рақышев Департамент бөлімінің басшысы М. Құсайыновпен және қалалық нотариалдық палатасының төрағасы Ж. Арыстановпен сыбайласып, нотариалдық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру үшін жеке тұлғадан 8 000 АҚШ доллары көлемінде пара алғаны белгілі болды.
Қазір А. Рақышев Астана қ. ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.