Олжас Бектенов 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында туған. 2011 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын "заңгер" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімнің бас маманы қызметінен бастаған. 2006 жылы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесіне заң бөлімінің сарапшысы болып тағайындалған. ҚР Президенті Әкімшілігінде, ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған. 2015 жылдың қаңтар айынан Астана қаласы Мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы болып қызмет етті. О.Бектенов ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.