Астана қаласы аудандық сотының әкімшілік ғимаратында өрт болды

None
АСТАНА. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат - Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының әкімшілік ғимаратында өрт болды, деп хабарлады жұма күні Төтенше жағдайлар министрлігінің бапсөз қызметі.

Өрт кеше, бейсенбі күні сағат 16.22-де төрт қабатты ғимараттың жертөлесіндегі электр қалқанында болды. Бір шаршы метр аумаққа жайылған оттың салдарынан 1-3 қабаттардың түтіндеуі болып, 18 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

«Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жалын өртке қарсы құрылымдардың келуіне дейін сағат 16.29-да сөндірілді», - деп анықтады олар.