Астана қаласы бойынша Сенат сайлауында Бибігүл Жексенбай көп дауыс жинады
12:17, 14 Қаңтар 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда Астана қаласы бойынша дауыс берудің алдын ала қорытындысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Елордада таңдаушы ретінде тіркелген 31 мәслихат депутатының 29-ы дауыс беруге қатысты. ОСК жариялаған дауыс берудің алдын ала қорытындысына сай, Астанада қаласы бойынша Сенат төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай (62,2%) ең көп дауыс жинады. Үміткердің кандидатурасын 18 таңдаушы қолдаған.
Еске сала кетейік қазіргі уақытта ҚР Парламенті Сентаның депутаттарын сайлауда бірнеше өңір бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелері жарияланды.