Астана қаласы «Есіл» ауданының жаңа прокуроры болып Манарбек Сәдуов тағайындалды

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қ. Мәмидің 2010 жылғы 3 қарашадағы бұйрығымен Астана қаласы «Есіл» ауданының жаңа прокуроры болып Манарбек Айдарбекұлы Сәдуов тағайындалды, деп хабарлайды Астана қалалық прокуратурасының баспасөз хатшысы Жаннұр Ахметбеков.

Аталған лауазымды қызметке тағайындалғанға дейін Манарбек Сәдуов Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары болып істеген.

Манарбек Сәдуов 1963 жылдың 10 қазанында Көкшетау облысының Щучинск ауданында дүниеге келген, 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Аға әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.