"Ертеңнен бастап жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты "Лесная поляна" тұрғын үй алабына автобустардың қатынауы шектеледі", - деп мәлімдеді "Астана LRT" компаниясының баспасөз қызметі.
Осылайша, №302, 303 бағыттарындағы автобустар "Лесная поляна" тұрғын үй алабына апаратын жергілікті өтпе жолға кірмей, Республика көшесімен жүретін болады.
Бағыттардағы қозғалыстың қалпына келуі туралы ақпаратты компания қосымша хабарлайды.