Астана қаласы мәслихаты мен «Нұр Отан» ХДП филиалының өкілдері Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінде болды

None
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат – Астана қаласы мәслихатының депутаты Есенжол Бекішев, «Нұр Отан» ХДП Алматы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Үмбетова, сондай-ақ елорданың Алматы ауданы пәтер иелері кооперативтерінің өкілдері 24 Ұлы Отан соғысы ардагері мен 27 тыл еңбеккері үйлерінде болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Солардың бірі ? Михаил Перегородов Сталинград шайқасына, Курск иіні түбіндегі ұрыстарға, Молдавия, Венгрия, Австрия және Чехословакия жерлеріндегі соғыс операцияларына қатысты. Ұлы Жеңістің 60 жылдығы құрметіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оған «Құрмет» орденін тапсырды.Ұйымдастырушылар сондай-ақ ардагер Федор Белоконовта қонақта болды. Соғыс жылдарында ол армия штабының 156-шы саперлік батальонында аға сержант болды. Ол үш Отан соғысы орденімен, 16 медальмен марапатталған. Тыл ардагерлерінің бірі Роберт Кнайп майданға қалай көмектескендерін еске алды. Ол Көкшетау облысының Киров ауданындағы «Заря» колхозында жұмыс жасады. «Біз күндіз-түны бел шешпестен еңбек етіп, жеңісті жақындатуға өз үлесімізді қостық», - деді Р.Кнайп. Ардагерлердің барлығына да ескерткіш сыйлықтар мен азық-түлік қоржыны тапсырылды.