Астана қаласы мәслихатына сайланған депутаттар белгілі болды

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Астана қаласы мәслихатына сайланған депутаттардың есімдері белгілі болды.

2012 жылдың 15 қаңтарында Астана қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауы өтті. Сайлау қаладағы 183 дауыс беру учаскесінде жүргізілді.

Сайлаушылар тізіміне енгізілген 345 080 сайлаушының 211 727-сі немесе 61,34 пайызы дауыс берді. Тағы 3 379 азамат өз таңдауларын сайлау учаскелерінен тыс - жылжымалы жәшіктердің көмегімен жасады.

Қалалық мәслихат депутаттарын сайлау 25 сайлау округі бойынша жүргізілді. Сайлау бюллетеньдеріне мәслихатқа үміткер 77 кандидат енгізілді.

Қалалық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес және округтік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде бесінші шақырылған Астана қаласының мәслихаты депутаттары етіп келесі азаматтарды тіркеді:

№1-інші сайлау округінен Есілов Сансызбай (уақытша жұмыс істемейді, «Нұр Отан» ХДП мүшесі);

№2-нші сайлау округінен Эльмира Сұханбердиева (№60 мектеп-лицейінің директоры, «Нұр Отан» ХДП мүшесі);

№3-інші сайлау округінен Мейрамбай Оралов («Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» ХДП мүшесі);

№4-інші сайлау округінен Серік Жақсыбеков («Цесна» Корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» ХДП мүшесі);

№5-інші сайлау округінен Гүлнәр Данбаева («Астана» корпоративті қорының директоры, «Нұр Отан» ХДП мүшесі);

№6-ншы сайлау округінен Ақылбек Күрішбаев «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ-ның ректоры, «Нұр Отан» ХДП мүшесі);

№7-нші сайлау округінен Шәкір Хахазов («ОСК-құрылыссервис» ЖШС-ның бас директоры, «Нұр Отан» ХДП мүшесі);

№8-інші сайлау округінен Башир Солсанов («Астана сусервис» ЖШС-ның бас директоры, «Нұр Отан» ХДП мүшесі);

№9-ыншы сайлау округінен Тимур Оразақов («Астана-қамқор» ЖШС-ның директоры, «Нұр Отан» ХДП мүшесі);

№10-ыншы сайлау округінен Зейнолла Шибкенов («Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ-ның директоры, «Нұр Отан» ХДП мүшесі);

№11-інші сайлау округінен Мирас Шекенов («Өркен қала» ЖШС-ның директоры, «Нұр Отан» ХДП мүшесі);

№12-нші сайлау округінен Жарқын Жұмағұлов («Астана Зеленстрой» АҚ-ның бас директоры, «Нұр Отан» ХДП мүшесі);

№13-інші сайлау округінен Есенжол Бекішев («Бекзат фирмасы» ЖШС-ның директоры, «Нұр Отан» ХДП мүшесі);

№14-інші сайлау округінен Ерлан Сыдықов (Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, «Нұр Отан» ХДП мүшесі);

№15-інші сайлау округінен Николай Мещеряков («Цесна-Астық» концерні» ЖШС-ның басқарма төрағасы, «Нұр Отан» ХДП мүшесі);

№16-ншы сайлау округінен Қаршыға Құлмұқанов (№2 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері, «Нұр Отан» ХДП мүшесі);

№17-нші сайлау округінен Бауыржан Исабаев («Bi-Holding» бақылаушылар кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» ХДП мүшесі);

№18-інші сайлау округінен Уәлихан Досаев («Астана Су арнасы» МКК-ның бас директоры, «Нұр Отан» ХДП мүшесі);

№19-ыншы сайлау округінен Қайрат Жауханов («Астана» халықаралық әуежайы» АҚ-ның президенті, «Нұр Отан» мүшесі).

№ 20-ншы сайлау округінен Сайфудин Хамхоев («Беркат» консорциумының басқарма төрағасы,  «Нұр Отан» ХДП мүшесі);

№ 21-інші сайлау округінен Василий Петрущак («Опера және балет театры» ЖШС директоры, «Нұр Отан» ХДП мүшесі);

№ 22-нші сайлау округінен Сергей Богатырев («№1 автобус паркі» АҚ-ның басқарма төрағасы, «Нұр Отан» ХДП мүшесі);

№ 23-інші сайлау округінен Абай Байгенжин («Ұлттық медициналық орталық» АҚ-ның бас директоры, «Нұр Отан» ХДП мүшесі);

№ 24-інші сайлау округінен Алмаз Ким («Бахус Астана» ЖШС-ның директоры, «Нұр Отан» ХДП мүшесі);

№ 25-інші сайлау округінен Түкен Егінбаев («Құлагер» құрылыс компаниясы» ЖШС-ның басқарма төрағасы, «Нұр Отан» ХДП мүшесі);