Астана қаласы мен қазіргі заманғы қоғамның өзекті мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференция туралы ереже

АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат - Қазақстан Жастар Медиаодағы және Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы Астана қаласы мен тұтастай алғанда қазіргі заманғы  қоғамның өзекті мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

2009 жылғы қазанның 22-23-і күндері

 Астана,Л.Н.Гумилев атындағы  Еуразия Ұлттық  Университеті

Астана, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

Конференцияның ұйымдастыру комитеті: А.Г Балаева, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының бастығы (төрайым), С.А. Ғалиева, Еуразиялық Телевизия және радио Академиясының академигі, Қазақстан Жастар МедиаОдағының директоры (төрайым орынбасары), К.М. Жолдыбай, «ҚазАқпарат» агенттігінің вице-президенті,  А.Есдәулетов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің доценті,  Е.М. Крипак, Орынбор мемлекеттік университетінің доценті, С.И. Янлосы, публицист (жауапты хатшы), Д.В. Туманов,  Қазан Мемлекеттік университетінің доценті, В.А. Шулдяков, Омбы мемлекеттік университетінің доценті.

Конференция бағдарламасы мынадай секцияларды қамтиды:

- 2009 жылғы наурыздың 6-сындағы ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында ұсынылған нақты шаралар аясында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайларды талқылау және ғылыми бағалау;   
- Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі: саяси және дипломатиялық қырлары;
- Әлемдік және дәстүрлі діндердің IV съезі аясындағы дінаралық диалог алаңының кеңеюі;
- Жаңа елорда - Астана қаласының Қазақстанның ұлттық өркендеуіндегі рөлі мен мәнін айқындау; 
- Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығы: отансүйгіштік пен азаматтық негізіндегі ұрпақтар жалғастығы қажеттігін ғылыми негіздеу.

Конференция жұмысына қатысу үшін баяндама тезисі мен конференцияға қатысу туралы өтінішті мына электрондық мекен-жайға тіркелген файл түрінде жіберу қажет: svet_gal@rambler.ru , valeriya.mamonova@gmail.com . Материалдардың жетуіне кепілдік үшін осы екі мекен-жайға жіберулеріңізді өтінеміз.

Конференцияның жұмыс тілдері - қазақ, орыс тілдері.

Хат тақырыбын «Конференция 2009» деп көрсетіңіз. 

Тезисті рәсімдеу:

Тезис көлемі - төрт беттен аспауы тиіс, барлық жиектер - 2 см.
Шрифт - Times New Roman, 12 pt. Ел және қала атауы -Arial шрифтісінде.
Реттеу  - жол бойымен, тасымалсыз.
Азат жол  - 0,75 см.
Мәтіндік  ерекшелеу үшін курсив не қара шрифтіні пайдаланыңыз.
Схемалар - жазбалары енгізілген топталған тізім. 
Сілтемелер мен әдебиет тізімдері қойылмайды.
Жинақты жариялау мерзімі - 2009 жылғы қазанның  22-сі.
Сондай-ақ материалдар  www.kalamger.kz  сайтында жарияланады.

 

Мәтін басын рәсімдеу үлгісі:

С.Б. Кенжеболатова
(Қазақстан, Астана)

ИНТЕРАКТИВТІК БІЛІМ БЕРУ ФОРМАЛАРЫ

  

Қатысу шарттары

Ұйымдастыру комитеті конференцияға қатысушыларды іріктеу мен шақыруға құқылы. Бұл жағдайда  ұйымдастырушылар есебінен қатысушылардың жол ақысы, тамағы және тұратын мекені төленеді.

Ұйымдастыру жарнасы қарастырылмаған.

Ұйымдастыру комитетінің телефоны: Астана 8 (7172) 32 68 32, Алматы - 8 (727) 298 27 26, 8 777 171 4774, 8 777 591 5928, www.kalamger.kz

Өтініштер мен тезистер 2009 жылғы қазанның 15-іне  дейін қабылданады.

  Астана қаласы мен қазіргі заманғы қоғамның өзекті мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференцияға  қатысу туралы

  ӨТІНІШ

  • 1. ФАӘ
  • 2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
  • 3. Жұмыс орны, қызметі
  • 4. Баяндама тақырыбы
  • 5. Жинақ үшін хабарласу мекен-жайы, электронды почтасы
  • 6. Жылдам хабарласу үшін телефон, факс