Астана қаласы прокуратурасының басшылығы азаматтарды қабылдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 25  қырқүйекте Астана қаласының прокуратурасы мен Астана қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалы арасында заңдылықты нығайту және жемқорлықпен күрес аясында қарым-қатынас Меморандумына сәйкес ашық есік күні өткізіледі.

Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Ашық есік барысында Астана қаласының прокуратурасының басшылығы азаматтарды қабылдау жүргізеді.

Шараның басталуы сағат 10:00-де.