заң саласындағы кәсіби мамандар қала азаматтарын сан алуан мәселелер бойынша қабылдады.
Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры Нұрдәулет Сүйіндіковтің айтуынша, аталған іс-шара қала тұрғындарына құқықтық, тұрғын-үй, сот және тағы басқа көкейкесті мәселелерді шешуге мүмкіндік бермек. «Себебі бүгінгі іс-шараға Астана қаласы аудандық Ішкі істер басқармасы, Сот актілерін орындау, бақылау және әлеуметтік қорғау, табиғи монополияларды реттеу департаменттері, сондай-ақ қала әкімідігінің басшылығы өкілдері қатысуда. Осының арқасында қала тұрғындары өздерінің мәселелерін шешіп қана қоймай, өзге де проблемалар бойынша кәсіби кеңес ала алады. Біз болсақ, бүгінде халықты көптеп толғандырып жүрген мәселелер бойынша ақпарат жинақтап аламыз», - дейді Н.Сүйіндіков.
Қала прокуроры атап көрсеткендей, қазіргі кезде сот шешімдерін орындау, еңбек заңнамасын бұзу және тұрғын-үй коммуналдық мәселелер қала тұрғындарын жиі мазалайды.