Астана қаласы соттар әкімшісінің атқару өндірісі жөніндегі орынбасары болып Серік Аяғанов тағайындалды

Астана. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат - Астана қаласы соттар әкімшісінің атқару өндірісі жөніндегі орынбасары болып Серік Аяғанов тағайындалды,

деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Оны ауысу тәртібімен тағайындау туралы бұйрыққа 2010 жылғы қаңтардың 26-сында ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің төрағасы Георгий Ким қол қойды.

Серік Аяғанов бұған дейін ҚР Жоғарғы Соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің Атқару өндірісін ұйымдастыру жөніндегі департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

Осы бұйрықпен Атқару өндірісін ұйымдастыру жөніндегі департаменті директоры орынбасарының міндетін уақытша атқару осы департаменттің талдау жұмысы бойынша басқармасының бас сарапшысы Гүлжан Сүлейменоваға жүктелді.