Астана қаласы соттарының әділ сотты атқаруы мен азаматтардың оларға деген сенімділік деңгейі лайықты деңгейде қалып отыр. Соттардың 2011 жылдың І жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысына арналған кеңейтілген кеңесте қалалық соттың төрағасы Сәкен Абдуллаев осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
«Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, биыл қылмыстық істер бойынша арыз-шағымдар аз түскен. Қылмыстық істер бойынша судьялардың үкімдеріне 7 шағым-арыз түсті, бірақ олардың ешқайсысы расталған жоқ», - деді С.Абдуллаев өз сөзінде.
Кеңес жұмысына Жоғарғы сот төрағасы Бектас Бекназаров, Жоғарғы сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің жетекшісі Бауыржан Жұмағұлов, Астана қаласы соттарының судьялары, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.
Тәртіптік-біліктілік алқасы мен судья этикасы жөніндегі комиссиялардың төрағалары Р.Г.Болатова, М.С.Қалдығұлов және т.б. судьядар өз жұмыстары туралы баяндама жасады.