Астана қаласында 12 сәуір мен 1 шілде аралығында Жеңіс даңғылынан Бейбітшілік көшесіне дейінгі учаскедегі Мәскеу көшесі бойынша автокөлік қозғалысы тоқтатылады

АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 12 сәуірден бастап 1 шілдеге дейін «Потанин көшесінен бастап Республика даңғылына дейінгі Мәскеу көшесін қайта жаңғырту» жобасын іске асыру барысында Жеңіс даңғылынан бастап Бейбітшілік көшесіне дейінгі учаскедегі Мәскеу көшесі бойынша автокөлік қозғалысы тоқтатылады.

Бұл туралы Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.