Форум бүкіл елімізден және жақын шетелден 650 астам делегат жинайды. Бұл ҮЕҰ өкілдері де, қоғамдық пікір көшбасшылары, халықаралық ұйымдар сарапшылары, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік құрылымдар өкілдері, баспа БАҚ пен масс-медиа жүргізуші басылымдарының редакторлары мен журналистері. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуы күтілуде.
«Биылғы жылы біз республикамыздың Тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде азаматтық қоғамды дамытудың қорытындыларын жасаймыз. V Азаматтық форумда Тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері, ҮЕҰ демократияландыру үдерісіндегі рөлі мен енгізген үлесі, азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтардың өмір сапасының жоғары стандарттарына қол жеткізу мен қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықтарды іске асыру талқыланады. Көбінесе азаматтық қоғамды дамыту мәселелеріндегі барлық осы оң өзгерістер Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың белсенді қатысуынсыз жүзеге асырылмайтын еді» - дейді Азаматтық Альянстың үлестіру кеңесінің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгуль Соловьева.
Пікірталас алаңдарында форумға қатысушылар мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының мониторингі және мемлекеттік бағдарламалардың қоғамдық мониторингі, жергілікті өзін өзі басқару, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тетігін жетілдіру, елде қайырымдылықты дамытудың қоғамдық мемлекеттік күн тәртібін қалыптастыру, қазақстандық филантропия дәстүрлері, Қазақстанда волонтерлік мәдениетін арттыру сияқты сектордың маңызды мәселелерін және басқа да көптеген мәселелерді талқылайтын болады.
«Азаматтық форум - Қазақстанның азаматтық қоғамының өміріндегі маңызды оқиға, ҮЕҰ қосқанда барлығы күтеді; бұл елдің саяси өмірінің ішіндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бүгінде үкіметтік емес ұйымдар - маңызды әлеуметтік және экономикалық мәселелерді, өзімшіл, қоғамдық маңызды жобаларды және бастамаларды, азаматтардың әл-ауқатын арттыруды шешуде мемлекеттің сенімді әріптесі, демократиялық қайта құрулардың, күшті және тиімді азаматтық қоғамды қалыптастыруға бағытталған либералдық реформалардың өткізгіші» - дейді «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ атқарушы директоры Алина Хаматдинова.