Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында АИБА президенті Чинг-Куо Ву мәлім етті.
«Бүгінгі күні АИБА жаңа халықаралық орган APB (AIBA Professional Box), яғни АИБА жанындағы кәсіпқой бокс қауымдастығы қалыптасатыны туралы мәлімдейді. Өзінің органдарын, үдерістері мен жарғысын сатылап қалыптастыра отырып, АРВ бокс жөніндегі барлық ұйымдарды біріктіруге ұмтылады. Бұл ретте жаңа орган спорттың осы түрі бойынша барлық күш-жігерді, жарыстар мен даярлықтарды, жаттығуларды кәсіпқой деңгейде де, әуесқойлық деңгейде де өзінің қамқорлығына алғысы келеді», - деді Чинг-Куо Ву.
АИВА басшысының айтуынша, жаңа қауымдастықтың басты миссияларының бірі - боксшылардың құқын қорғау болып табылады. «Бұл ең алдымен кәсіби бокс жарыстарынан түсетін табыстардың барлығы сол боксшылардың игілігіне жұмсалуын, олардың әлеуметтік бағдарламаларын қорғауға арналады», - дейді АИБА басшысы. Оның сөзіне қарағанда, қауымдастықтар нақты бағыттар бойынша қалыптасатын болады. Мәселен, маркетингтік бөлімшелер негізінен бокстың АРВ шеңберінде танымал болуымен айналысады.