Халықаралық зағиптар күніне орай өткен «Ақ таяқ» сайысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі де осы концерттің аясында жүрілді. Еліміз көлемінде 20 мыңнан астам жанарынан айрылғандар бар. Солардың 450-і елорда тұрғындары. Бүгінгі мерекеге солардың барлығы шақырылған. Бұл тағдыр тауқыметін көтерген жандардың көңіліне демеу. «Соқырлар қоғамына 75 жылдан астам уақыт болды. Ал мүгедек жандарды оңалту жұмыстарын жыл бойы жүргізіп отырамыз. Соның қорытындысы 13 қазан әлемдік соқырлар күні қарсаңында «Ақ таяқ» фестивалінің аясында шығады. Бүгінде сол шараға жиналдық. Бірінші орынға он адам, екінші, үшінші орындарға 17 адамнан он түрлі сайыста барлығы 44 адамды марапаттаудамыз. Өткен жылы бір адам конкурстың барлық түріне қатысқан. Биыл бір адам бір ғана сайыс түрінен бақ сынады. Барлығы үйде отырған адамдар болған соң, солардың көңілін көтеру үшін, соларға сый-сияпат беру үшін өткізіліп отырған шара», - деді Астана қалалық соқырлар қоғамының төрағасы Қуанышбек Тәтенов. Президент жыл сайынғы халыққа Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандар жайлы «Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады.» - деген болатын. Бұл мүгедек жандарға еліміздің жасап отырған ерекше қамқорлығы. Конгресс Холл сарайында өткен марапаттау салтанатына депутаттар, қоғам мүшелері және жарым көңіл жандарға қол ұшын созып, демеушілік жасап жүрген азаматтар келді.
21:06, 07 Қазан 2014
Астана қаласында «Ақ таяқ» фестивалінің жеңімпаздары марапатталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Қазақ соқырлар қоғамының» қалалық бөлімшесінің жылдық қорытындысына орай концерт өтті, деп хабарлады astana.kz.