«Жылыту маусымы бойынша барлық мекемелер штаттық жүйеде жұмыс жасауда, барлық тұрғын үйлер орталық жылуға қосылған», - деп мәлім етті Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов әкімдікте өткен аппарат жиналысында.
Қала бойынша 2 250 көпқабатты тұрғын үй бар, барлығы орталық жылуға қосылған, барлығына жылу берілген.
Сонымен қатар мектептер, ауруханалар, мәдени ошақтар жылумен толық қамтылған.
Қазіргі күні жылуға орташа тариф 2 589 теңге.
Еске салайық, 2016-2017 жылыту маусымына дайындық кезіңде «Астана-Энергия» АҚ-ның басты және қосымша құрал-жабдықтарына кестеге сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі күні ЖЭО-1 және ЖЭЮ-2 жүз пайыз қуатында жұмыс жасауда.