Астана қалалық ТЖД «Өрт сөндіру қызметі және апаттық-құтқару жұмыстары» ММ баспасөз қызметінен хабарлағандай, ескерткіш тақталар қаза тапқан азаматтардың жұмыс істеген мекемелерінің ғимараттарына орналастырылды: мемлекеттік өрт бақылау басқармасы ғимаратында Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Валерий Михайлович Зайцевке, №6 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Руслан Кәкішевке, №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасарына Саят Әбеевке ескерткіш тақталар ашылды.
Ашылу салтанатына қаза тапқандардың туған-туысқандары, Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру қызметі және апаттық-құтқару жұмыстары» ММ жеке құрамы шақырылды.
Астана қаласы бойынша ТЖ жөніндегі департамент бастығының орынбасары Е.Төлеужанов қызметкерлердің ерлігі мен батырлығы туралы сыр шертті. Одан кейін қаза тапқандардың рухына бір сәт үнсіздікпен тағзым етілді.
Олардың ерен еңбегі мен қаһармандығы мәңгілікке біздің жадымызда қалады.