Конгресс Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен адамның ғарышқа алғашқы сапарының 50 жылдығына орай жарияланған «Байқоңыр» Қоғамдық сыйлығының ақырғы іс-шарасы болып табылады.
Конгрестің қонақтары мен спикерлері - әйгілі фантаст-жазушы Сергей Лукьяненко, Ресей мен Украинаның Жазушылар одақтарының мүшесі Василий Головачев, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Орынбай Жанайдаров, фантаст-жазушы Жүніс Сахиев, фантастика мен балама тарихты зерттеуші Сергей Переслегин, Санкт-Петербург қаласындағы «Terra Fantastica» баспасының директоры Николай Ютанов және тағы да басқалар. Конгреске сондай-ақ рок-музыкант, жазушы, «Мумий Тролль» тобының мүшесі Илья Лагутенко қатысады.