Астана қаласында салынып жатқан «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы болып Қ.Жолдыбайұлы тағайындалды

АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің бұйрығымен Қайрат Жолдыбайұлы ҚМДБ Аппараты жетекшісі қызметінен босатылып, Астана қаласында жаңа салынған «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне мәлім етті.

Қазақстанның Бас мүфтиі Қ.Жолдыбайұлы жаңа қызметке өз сұранысы бойынша жіберілгенін және оның еліміздегі ең ірі мешіттердің біріне имамдық қызметпен бірге дін саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын да жалғастыратынын мәлімдеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Аппарат жетекшісі қызметіне бұдан бұрын «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қорының» атқарушы директоры қызметін атқарып келген Балғабек Әбдіқайымұлы Мырзаев тағайындалды.