«Астана қаласында тұрғын үйдің бағасын оңтайландыру жөніндегі кешенді жоспар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 296 қаулысымен бекітілді. Қаулы Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен кеңестің 2013 жылғы 27 қарашадағы хаттамасына сәйкес әзірленді.
Қаулыны қабылдаудың мақсаты Астана қаласында тұрғын үйдің бағасын оңтайландыру болып табылады», - деп жазылған хабарламада.
Кешенді жоспар 17 іс-шараны қамтиды, оларды іске асыру тұрғын үй нарығындағы бағалық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Аталған қаулы республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды болжамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.