Астана қаласында «Үздік жас отбасы» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында «Отбасы – бақыт мекені» жобасы аясында «Үздік жас отбасы» байқауына өтінімдерді қабылдау басталды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Конкурсқа 29 жасқа толмаған ерлі-зайыптылар (ерлі-зайыптылардың бірі 29 жасқа толмаған болуы керек) қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Байқаудың мақсаты – жас отбасылар арасында мәдениет, салт-дәстүр мен адамгершілік құндылықтар негізінде неке және отбасы институтын нығайту.

Конкурстың міндеттері:

дәстүрлі отбасылық құндылықтарды және отбасына деген жауапкершілікпен қарауды насихаттау;

- жастар арасында ұлттық, мәдени дәстүрлер мен отбасылық әулеттерге құрмет;

- жас отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру;

- салауатты отбасылық демалысты ұйымдастыру;

- отбасылардың шығармашылық әлеуетін ашуға жәрдемдесу;

- жас отбасыларға қолайлы көңіл күй сыйлау;

- мәдени мұраны және қоғамның үздік дәстүрлерін сақтау.

Отбасылар мынадай жүлделерге ие бола алады:

1 орын – 500 000 тг

2 орын – 350 000 тг

3 орын – 250 000 тг

Өтініш беру үшін Telegramm мессенджері арқылы 8777 010 4240 нөміріне келесі құжаттарды жіберу қажет:

1. Сканерленген неке туралы куәлік;

2. Сканерленген ерлі-зайыптылардың екеуінің жеке куәлігі;

3. Байланыс мәліметтері.

4. Instagram аккаунты

5. «Неліктен біз бұл сайыста жеңіске жетуіміз керек» тақырыбына бейнеролик.



Фото: chicagoildivorcelawyer.com