Бұдан басқа асфальт жабынын төсеуге байланысты Республика даңғылында Самалдан Кенесары көшесіне дейін қозғалыс шектелді.
Сондай-ақ жол жөндеу жұмыстарына байланысты Қабанбай батыр-Достық көшесі қиылысы толық жабылды. Бұдан басқа Қонаев көшесінде Достық көшесінен №23 көшеге дейінгі учаскеде қозғалыс шектелді.
Асфальт жабынын төсеу жұмыстарына байланысты Тәуелсіздік көшесінде Тәшенов көшесінен Мұңайтпасов көшесі аралығында бұрынғыша қозғалыс ішінара шектеліп отыр.