№2 өнер мектебінің директоры Гүлмира Жанкелдіқызы ұжымның атқарған қызметі мен алдағы міндеттері туралы айтып өтті. Өнер мектебінің өз түлектерін қанаттандыра бастағанына төрт жыл болды. 22 түлек мемлекеттік грант бойынша өнер жолын қуып, жоғары оқу орындарына түсті. Соның бәрі ұстаздар қауымы үшін үлкен нәтиже.
«Ал биыл бірінші сыныпқа 110 оқушы қабылданып отыр. Әрине, олар тамыз айында қабылдау комиссиясы алдында үлкен сынақтан өтті. Біздің талабымыз бойынша өнерге деген бейімділігі, қабілеті болуы керек. Өнер мектебінде оқығысы келетіндердің саны өте көп. Бір орынға бес баладан келді. Бірақ біздің мүмкіндігіміз аз. Оған өнер мектебінің жеке ғимараты жоқ екендігі де әсер етіп отыр»,- деді Гүлмира Жанкелдіқызы.
Айта кету керек, аталған білім ордасының шәкірттері бірқатар шетелдерге барып, өнер сайыстарына қатысып, жүлдемен оралып жүр.
Өнер мектебінің ұжымына ата-аналар ризашылығын білдірді.
Бүгінгі шарада өнер ұжымының шәкірттері ұстаздары мен ата-аналарының алдында шағын концерт қойып, ықыласқа бөленді.