13:32, 10 Сәуір 2009
Астана қаласының Әділет департаментіне жаңа басшы тағайындалды
АСТАНА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының басшысы Иманғали Тасмағамбетов әкімдік ұжымына Астана қаласының Әділет департаментінің жаңа басшысы Бақытжан Есеновты таныстырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 45 жастағы Есенов Бақытжан Жұманәліұлы астаналық Әділет департаментінің басшылығына Әділет министрлігінің 2009 жылғы наурыздың 25-індегі №100-л бұйрығымен тағайындалды. Ал департамент басшысының міндетін бүгінде басқа жұмысқа ауысқан Тимур Исабеков атқарып келген. Бұған дейін Б.Есенов Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы қызметінде болды.