«Байқау Астана тұрғындарының ішінен шынайы кейіпкерлерді таңдап, оларды елімізге таныту мақсатын көздейді. Үздіктер бес категория бойынша іріктелетін болады. Олар қоғамда маңызды орын алатын төрт кәсіптің иелері: дәрігер, мұғалім, учаскелік инспектор, қоғамдық көлік жүргізушісі, сондай-ақ құрметке лайық кез келген азамат», - делінген әкімдік мәліметтерінде.
1-31 мамыр аралығында тұрғындар Астана әкімдігі сайтындағы анкетаны толтыру арқылы өмірлік үлгіге айналған азаматты сайысқа кейіпкер ретінде ұсыну мүмкіндігін алды.
Енді осыдан кейін үздіктерді саралайтын сәт басталды. Байқаудың ең маңызды кезеңі - үздік кейіпкерлерге дауыс беру 20 маусымға дейін Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты арқылы өтпек.