Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб-мүфтиі, Астана қаласы бойынша өкіл имамы, «Нұр-Астана» мешітінің бас имамы Қалижан Заңқоевпен кездесті. Бұл туралы ҚР Дін істері Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Кездесуде ҚМДБ-ның өкілі Қалижан Заңқоев елордадағы 6 мешіттің жергілікті Әділет департаментінде есептік қайта тіркеуден өткенін мәлімдеді. Сонымен қатар 6 шілдеде Астана төрінде бой көтерген Орталық Азиядағы алып нысан - «Әзірет Сұлтан» мешіті де алғаш рет ресми тіркелді.
«Елордамызда қазақ халқының рухани байлығы мен ұлылығын айшықтайтын жеті мешіттің бәрі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалдары болып саналады», - деп атап өтті агенттіктің баспасөз қызметі.