Астана қаласының Бас дизайнері Сағындық Жанболатов қызметінен кетті

АСТАНА. 22 наурыз. ҚазАқпарат - Астана қаласының Бас дизайнері Сағындық Жанболатов қызметінен кетті.  Бұл туралы Астананың әкімі Иманғали Тасмағамбетов блогына қала тұрғынынан келіп түскен сұраққа жауап беру кезінде мәлім болды.

Қала басшысының сөзіне қарағанда, С. Жанболатов өз студиясында шығармашылық жұмыспен айналысуды қалаған.

 «Жуырда біз Сағындық Жанболатовтың шығармашылық жұмысын өткіздік. Ол 5 жыл бойы Астана қаласының Бас дизайнері болды. Елордамыздың күннен күнге көркеюіне үлес қосып, әдемі де ерекше архитектуралық сәнін келтірді. Біз оның жеке шығармашылықпен айналысам деген ниетіне сыйластықпен қараймыз», - деді қала әкімі.

  И. Тасмағамбетов Астана қаласының Бас дизайнері қызметіне басшы тағайындау бойынша байқау заңмен белгіленген тәртіпте өтетіндігін атап өтті.