Төтенше оқиға құбырлардың тозығы жетуінен болған. Нәтижесінде ауқымы 600 мм болатын жарық пайда болды. Соның салдарынан елорданың 15 үйінің тұрғындары сусыз қалды.
«Сағат 16.20 кезінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толықтай аяқталып, сумен қамтамасыз ету қайта басталды. Ақауды жөндеу жұмыстарына «Астана су арнасы» ҚКК 14 адамы мен 8 бірлік техникасы жұмылдырылды», - деп хабарлады ҚР ТЖМ.