Бұл туралы әкімдіктен хабарлады.
Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болып бұған дейін елорданың Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған 33 жастағы Марат Далабаев тағайындалды. Ол бұл қызметте зейнетке шыққан Амангелді Айтжановты алмастырды.
Сондай-ақ 14 сәуірден бастап Денсаулық сақтау басқармасы бастығының міндетін атқарушы қызметіне бұған дейін №2-ші қалалық аурухананың бас дәрігері болған Айгүл Сегізбаева кірісті. Басқарманың бұрынғы бастығы Дәулетхан Есімовтың лауазымы жоғарылап, ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметіне ауыстырылды.