Астана қаласының қала маңы аймағының және қала құрылысын айрықша реттеу аймағының шекаралары белгіленді

АСТАНА. 16 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылдың 16 қаңтарынан №71 бұйрығымен Астана қаласының қала маңы аймағының және қала құрылысын айрықша реттеу аймағының шекаралары белгіленді,

деп хабарлады ресми БАҚ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылдың 16 қаңтарынан №71 бұйрық

Астана қаласының қала маңы аймағының және қала құрылысын айрықша реттеу аймағының шекараларын белгілеу туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Астана қаласының қала маңы аймағының және қала құрылысын айрықша реттеу аймағының шекаралары бекітілсін.

2. «Астана қаласының қала маңы аймағын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 сәуірдегі № 381 қаулысының (Қазақстан Республикасы ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 12, 117-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы №71 қаулысымен бекітілген

1. Астана қаласының қала маңы аймағының шекаралары

Солтүстік шекарасы

Солтүстік шекарасыШортанды ауданының Раевка селолық округі мен Бектау ауылдық округін Ақкөл ауданының Еңбек және Новорыбинск селолық округтерінен бөліп тұратын Шортанды ауданының Гуляй поле селосының, Мықтыкөл, Бектау ауылдарының және Қаражар селосының солтүстігіне қарай орналасқан шекара бойынша өтеді.

Шығыс шекарасы

Шығыс шекарасыШортанды ауданының Бектау ауылдық округі, Новоселовск селолық округі Ақкөл ауданының Новорыбинск селолық округі шекараларының қиылысу орнынан басталады және Шортанды ауданының Бектау ауылдық округі мен Новоселовск селолық округін бөліп тұратын межелі шекара бойынша оңтүстікке жүреді, кейін Шортанды ауданы Жолымбет кентінің шығысына қарай оңтүстік батысқа бұрылады және Шортанды ауданының Бозайғыр ауылдық округі шекарасының қиылысына дейін Сарықамыс өзенінің арнасы бойымен өтеді. Одан әрі Шортанды ауданының Бозайғыр ауылдық округі мен Целиноград ауданының Приреченск селолық округін Шортанды ауданының Новоселовск селолық округінен бөліп тұратын шекаралары бойынша жалғасады. Шортанды ауданының Новоселовск селолық округі, Целиноград ауданының Приреченск селолық округі және Ерейментау ауданының Новомарковка селолық округі шекараларының қиылысу орнынан бастап оңтүстік шығысқа бұрылады, Целиноград ауданы Приреченск селолық округін Ерейментау ауданы Новомарковка селолық округінен бөліп тұратын шекара бойынша өтеді және жоғары вольтты желі мен Астана-Павлодар автомобиль тас жолын кесіп өтіп, Целиноград ауданы Приреченск селолық округі мен Ерейментау ауданы Ақмырза селолық округін бөліп тұратын шекара бойынша Ақжар өзенінің арнасы бойымен жүреді. Кейін Аршалы ауданы Бұлақсай және Сарыоба селолық округтері мен Ерейментау ауданының Еркіншілік және Ақсуат ауылдық округтері шекарасы бойынша өтеді. Ақсуат ауылының жанында Шарап көлінің солтүстігіне қарай шекара оңтүстік батысқа бұрылады және Аршалы ауданының Сарыоба, Волгодонов селолық округтері мен Михайловка селолық округі шекарасы бойымен өтеді. Кейін Астана қаласын негізгі сумен жабдықтау көзі Астана су қоймасын қорғау аймағын құру және санитарлық қорғанысты қамтамасыз ету үшін қажет Аршалы ауданы Михайловка селолық округі мен Түрген ауылдық округі аумағының шақырымдық белдігін қамти отырып Астана су қоймасының шығыс жағы бойынша жүреді.

Оңтүстік шекарасы

Оңтүстік шекарасыАршалы ауылының шығыс шеті бойынша өтеді, Астана-Алматы автомагистралі мен теміржолын кесіп өтеді, Аршалы ауданы Ижевск селолық округі, Жібек жолы ауылдық округі, Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылдық округі мен Аршалы ауданының Ақбұлақ селолық округін бөліп тұратын шекара бойынша батысқа жүреді. Кейін, оңтүстік жақтан Целиноград ауданының Нұра селосы мен Сарыкөл ауылын айналып өтіп Ақмола облысы Целиноград ауданының Қабанбай батыр және Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округтерінің аумағын Қарағанды облысының Нұра ауданынан бөліп тұратын шекара бойынша және одан әрі Целиноград ауданының Рахымжан Қошқарбаев және Шалқар ауылдық округтерін Краснояр және Мәншүк селолық округтерінен бөліп тұратын шекара бойынша өтеді.

Батыс шекарасы

Батыс шекарасыоңтүстікте Целиноград ауданы Шалқар ауылдық округі мен Қорғалжын ауданы Кеңбидайық селолық округінің және Целиноград ауданы Мәншүк селолық округінің қиылысу нүктесінен басталады, кейін Целиноград ауданы Оразақ селолық округі, Шалқар, Родина ауылдық округтерін Қорғалжын ауданы Кеңбидайық және Сабынды селолық округтерінен бөліп тұратын шекаралар бойынша, кейін Астана-Қостанай автотасжолы мен теміржол қиылысына дейін Целиноград ауданы Родина және Тасты ауылдық округтерін Астрахан ауданы Каменск және Николаевск селолық округтерінен бөліп тұратын шекара бойынша, одан әрі Целиноград ауданы Тасты ауылдық округі мен Максимовка селолық округін Шортанды ауданы Петровск және Новокубанск селолық округтерінен бөліп тұратын шекара бойынша, кейін шекара батыс бағытта Шортанды ауданы Дамса және Раевка селолық округтерін Новокубанск және Пригородный селолық округтерінен бөліп тұратын шекара бойынша жүреді.

2. Астана қаласының қала құрылысын айрықша реттеу аймағының шекаралары

Солтүстік шекарасы

Солтүстік шекарасыЦелиноград ауданы Максимовка селолық округінің Шортанды ауданы Новокубанск және Дамса селолық округтерімен қиылысу нүктесінен басталады, Целиноград ауданы Максимовка селолық округі мен Шортанды ауданының Дамса селолық округі шекарасы бойынша өтеді, Бозайғыр ауылының батысына қарай солтүстікке бұрылады, және одан кейін теміржол мен автобанды кесіп өтіп шығыс бағытта Шортанды ауданы Бозайғыр ауылдық округі мен Дамса селолық округі шекарасы бойынша жүреді. Сарықамыс өзені бастау алатын және су ағыны жырасы қалыптасатын жерде шекара солтүстік-шығысқа бұрылады және Шортанды ауданы Бектау ауылдық округі мен Новоселовск селолық округі шекаралары қиылысатын оңтүстік нүктеге дейін өзен арнасы бойымен жалғасады, кейін оңтүстік-шығысқа бұрылады және Шортанды ауданы Бозайғыр ауылдық округі мен Новоселовск селолық округі шекарасы бойынша жүреді. Шортанды ауданы Новоселовск селолық округі, Бозайғыр ауылдық округі және Целиноград ауданы Приреченскск селолық округі шекаралары қиылысатын нүктеде солтүстік шығысқа бағытын өзгертеді және Целиноград ауданы Приреченскск селолық округі мен Шортанды ауданы Новоселовск селолық округін бөліп тұратын шекара бойынша жалғасады.

Шығыс шекарасы

Шығыс шекарасыШортанды ауданы Новоселовск селолық округі, Целиноград ауданы Приреченск селолық округі және Ерейментау ауданы Новомарковск селолық округі шекарасы қиылысатын орыннан басталады, оңтүстік шығысқа бұрылады, Целиноград ауданы Приреченск селолық округі мен Ерейментау ауданы Новомарковск селолық округімен бөліп тұратын шекара бойынша өтеді, және жоғары вольтты желі мен Астана - Павлодар автотасжолын кесіп өтіп, Целиноград ауданы Приреченск селолық округі мен Ерейментау ауданы Ақмырза селолық округін бөліп тұратын шекара бойынша Ақжар өзенінің бойымен өтеді. Кейін Аршалы ауданы Бұлақсай және Сарыоба селолық округтері мен Ерейментау ауданы Еркіншілік және Ақсуат ауылдық округтерінің шекарасы бойынша өтеді. Ақсуат ауылының жанында, Шарап көлінің солтүстігіне қарай шекара оңтүстік батысқа бұрылады және Аршалы ауданы Сарыоба және Волгодоновск селолық округтері мен Михайловка селолық округінің шекарасы бойынша өтеді, кейін Астана қаласын негізгі сумен жабдықтау көзі Астана су қоймасын қорғау аймағын құру және санитарлық қорғанысты қамтамасыз ету үшін қажет Аршалы ауданы Волгодоновск селолық округі аумағының шақырымдық белдігін қамти отырып Астана су қоймасының солтүстік бөлігінің соңына дейін барады. Одан әрі аймақ шекарасы Аршалы ауданы Волгодоновск селолық округі мен Жібек жолы ауылдық округін Арнасай ауылдық округі мен Ижевск селолық округінен бөліп тұратын шекара бойынша жалғасады.

Оңтүстік шекарасы

Оңтүстік шекарасыАршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округі, Ижевск және Ақбұлақ селолық округтері қиылысатын нүктеден басталады, Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округі мен Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылдық округін Аршалы ауданы Ақбұлақ селолық оркугінен бөліп тұратын шекара бойынша оңтүстік батыс бағытта жалғасады. Кейін оңтүстіктен Целиноград ауданы Нұра селосы мен Сарыкөл ауылын айналып өтіп, Ақмола облысы Целиноград ауданының Қабанбай батыр және Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округтері аумағын Қарағанды облысының Нұра ауданынан бөліп тұратын шекара бойынша және одан әрі Целиноград ауданы Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округін Красноярск селолық округінен бөліп тұратын шекара бойынша өтеді.

Батыс шекарасы

Батыс шекарасы Целиноград ауданы Шалқар және Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округтерінің Красноярск селолық округімен қиылысу нүктесінен басталады, Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінің Шалқар ауылдық округімен шекарасы бойынша солтүстікке жүреді. Шекара Шнет көлінің солтүстік бөлігінен кейін батысқа бұрылады, сосын Нұра өзенінің бұрылысты ағымы бойымен Целиноград ауданы Шалқар және Оразақ селолық округтері, Ақмол ауылдық округі шекарасы қиылысатын нүктесіне дейін барады. Одан әрі Целиноград ауданы Ақмол ауылдық округі мен Воздвиженка селолық округі аумағын Оразақ және Новоишимск селолық округтері аумағын бөлетін шекара бойынша жүреді, кейін Целиноград ауданы Максимовка селолық округі оңтүстік шекарасы бойынша Есіл өзенінің бойымен шығысқа бағыт алады және Астана - Астраханка және Астана - Қостанай темір жолынан өтіп, Целиноград ауданы Максимовка селолық округі аумағын Тасты ауылдық округімен және Шортанды ауданының Петровск, Новокубанск селолық округтерімен бөліп тұратын шекара бойынша жүреді.