деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үстіміздегі жылғы ақпанның 22-25-і күндері аралығында өткен республикалық жарыстың IV-ші ақтық кезеңіне Астана қаласының 18 орта білім беру мекемесінен 55 оқушы қатысты. Комиссия алдында олар 9 - командалық және 37 - жеке жобаны таныстырып, қорғады. Нәтижесінде елордалық оқушылар қоржынға 33 медаль (4 алтын, 11 күміс, 18 қола) салып, жалпыкомандалық есепте 1-ші орынды иеленді.
Айта кететін тағы бір жәйт, аталмыш жеңімпаздар алдағы Бірыңғай ұлттық тестілеу кезінде жеңілдіктерге ие болады, ал 6 оқушы бүгінде Қазақ Ұлттық университетінің гранттарын алып та үлгерді.
Ғылыми жобалар жарысы 4 бағыт бойынша өтті - ғылыми-техникалық прогресс - экономикалық өсудің негізгі буыны; экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу; таза табиғи орта - «Қазақстан - 2030» стратегиясын іске асырудың негізі және Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары.
Ә.Бимендинаның айтуынша, елордада дарынды оқушылардың қарасы жыл санап артып келеді. Мәселен, өткен жылы 114 мектеп қатысушысы республикалық және халықаралық түрлі байқаулардың жеңімпаздары мен лауреаттары атанды. Егер 2004-2005 оқу жылында Астана қаласында Бірыңғай ұлттық тестілеудің орташа балы - 70,1-ні құраса, 2008-2009 оқу жылында ол - 81,5 балға көтерілді. Солай еліміздің бас қаласының түлектері алты жыл қатарынан ең үздік нәтижелерді көрсетіп келеді.