Астана қаласының «Оңтүстік-Шығыс» шағынауданында металлопластикалық бұйымдарды дайындайтын цех өртенді

АСТАНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат - 8 наурызда сағат 22.31-де Астана қаласының «Оңтүстік-Шығыс» шағынауданында орналасқан металлопластикалық бұйымдарды дайындайтын 1 қабатты цехтің «Газель» көлігі мен өндірістік жабдығы өртке оранды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт толығымен 23.43-те сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 30 адамы мен 6 техника бірлігі жұмылдырылды. Тілсіз жау 250 шаршы метрді шарпып өтті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.