«Мектептердегі сабақ кестесінің бұлай өзгеруі қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін болғандықтан (білім беру ұйымдарында оқу сабақтары сағат сегізден ерте басталмауы тиіс), прокуратура органдары тексеріс жүргізді, оның нәтижесінде қалалық білім басқармасының нақты мұндай шешімді қабылдамағаны анықталды.
Сонымен қатар, қоғамда қалыптасқан алаңдаушылықты ескере отырып, Астана қаласының прокуратурасы а.ж. 10 қыркүйекте Астана қаласының әкімдігіне заңнамамен белгіленген жауапкершілікті ескерте отырып, заңды бұзуға болмайтыны туралы алдын ала ескерту енгізді» делінген қалалық прокуратураның сайтында жарияланған хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 9 қыркүйекте бұқаралық ақпарат құралдарында елордалық 17 мектептің ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінен бастап бірінші ауысым үшін сабақты сағат 07:40-та бастап, жаңа жұмыс режиміне көшетіні туралы мәлімет таратылған болатын.