Астана қаласының Сарыарқа және Есіл аудандарының жаңа әкімдері тағайындалды
10:05, 29 Қараша 2011
АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Астана қаласының Сарыарқа және Есіл аудандарының жаңа әкімдері тағайындалды.
Бүгін таңертең Астана әкімдігінде қалалық мәслихаттың кезектен тыс 74-ші сессиясы өтті. Жаңа тағайындаулар туралы ұсынысты елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов жасады.
Сессияда мәлім болғанындай, Есіл ауданының бұрынғы әкімі Қайрат Жаңабергенов басқа жұмысқа ауысты. Еске сала кетейік, Астана қаласының үшінші - Алматы аудандық әкімдігін Сапар Ахметов басқарады.