Аталмыш фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
12:14, 24 Наурыз 2011
Астана қаласының теміржол вокзалында полицейлер 5 келіден астам героин тәркіледі
АСТАНА. 24 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің қызметкерлері «Астана - есірткісіз қала» бағдарламасы аясында Астана қаласының теміржол вокзалы аумағында Қарағанды қаласының ер азаматын жалпы салмағы 5,248 келі героинмен құрықтады.