Астана қаласының тұрғынын өлтірген Ресей азаматы ізі суымай ұсталды

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Елорда сақшылары Астана қаласының тұрғынын өлтірген Ресей Федерациясының азаматын ізін суытпай ұстады.

Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мәлім болғандай, пәтерде туған күнді тойлап отырған жастарға Ресейдің Омбы қаласында туған 25 жастағы Л. есімді азамат қосылған. Спирттік ішімдіктер ішілгеннен кейін, туған күн иесі мен ресейлік азаматтың арасында түсініспеушілік пайда болды. Қарым-қатынасты соңына дейін жеткізу үшін сыртқа шығып сөйлесуді сұраған ресейлі өзімен пышақ алып шығып, төбелес барысында жәбірленушіні ішінен пышақпен жарақаттайды. Алған жарақаттан той иесі ауруханаға жетпей көз жұмды.

Қылмыстан кейін ізін суытпақ болған Ресей азаматын Астана қаласы, Алматы аудандық Ішкі істер басқармасының қызметкелері оны достарымен бірге жалдап тұрған пәтерінен қолға түсірді. Ол осы факті бойынша істеген қылмысын мойындады.

Қазір ҚР ҚК 103-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.