Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы тегін оқуға шақырады
09:36, 12 Мамыр 2012
АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы тегін оқуға шақырады.
Мәселен, кәсіпорын 11 сынып білімі бар қала тұрғындарын колледждерде тегін оқытатынын хабарлайды.
Сондай-ақ жұмыс берушілерге қызметкерлерді жинауға тегін қызмет көрсететінін еске салады.
Онымен бірге, мына мамандықтар бойынша тегін оқуға шақырады: газэлектрдәнекерлеуші, компьютерлік диагностикаға дағдыланған автослесарь.