Австралия ұлттық құрамасының екі ойыншысымен бірге жарысқа түскен Лауренс Де Вриз көшбасшылар тобында ең белсенді жарысушы болды. Мәреге шамамен 40 шақырым қалған кезде, Чалламбра асуына кезекте рет көтерілген соң Лауренс Де Вриз бәрінен озып, мәреге дейін 25 шақырым қалғанша бір өзі көш бастап тұрған, бұл кезде оны «Астана» командасындағы досы Давиде Баллерини қуып жетті. Бұдан кейін жарысты Баллерини басқарып, қашықтықтың соңғы 9 шақырымында өзіне жетіп алған пелотонға қарсы жарысқан. Ақтық кезеңде «Астана» командасының капитаны Луис Леон Санчес бірнеше рет шабуыл жасамақ болған, бірақ оның да, басқа жарысушылардың да негізгі топтан кету әрекеттерінен түк шықпады. Ақыры, жарыстың тағдыры спринт кезінде шешілген. Онда Италия чемпионы Элиа Вивиани жеңіске жетті. Луис Леон Санчес үздіктер ондығын жауып, онда 10-шы орын алды.
14:41, 27 Қаңтар 2019
«Астана» капитаны Австралиядағы жарыста үздіктер ондығына кірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» командасы Австралияның Джелонг қаласында өткен «Кэйдел Эванс Грэйт Оушн Роуд Рэйс» (164 км) әлемдік турының біркүндік жарысында өте сәтті ойын өткізді, деп жазады Sports.kz.