Шектеу 17-20 тамыз аралығында күн сайын сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін енгізіледі.
– Көрсетілген уақытта 1177-шақырымнан, яғни Ақсай ауылынан 1186-шақырымға, Жібек Жолы ауылына дейінгі учаскеде барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектеледі, – делінген хабарламада.
Жабық учаскені «Ақсай – Байкент» → «Байкент – Боралдай» → «Боралдай – Жібек Жолы» бағыты арқылы айналып өтуге болады.
Жүргізушілерге сапар бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеру және жол белгілерінің талаптарын сақтау ұсынылды.
Қозғалысты уақытша шектеу жөндеу-құрылыс жұмыстарын қауіпсіз әрі сапалы жүргізу үшін енгізіліп отыр.
Айта кетейік, Солтүстік Қазақстанда жолдың бір бөлігі 22 тамызға дейін жабылды.