«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Алматы облысында республикалық маңызы бар KAZ-01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автомобиль жолының жекелеген учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Ақмола облыстық филиалы

Жөндеу жұмыстарына байланысты 2026 жылғы 12-20 тамыз аралығында 1121 — 1186 шақырым аралығындағы учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Жол жөндеу жұмыстарын қауіпсіз әрі сапалы жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында көлік қозғалысы айналма бағыт бойынша ұйымдастырылады.

— Жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауды және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде қауіпсіздік талаптарын орындауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, — делінген хабарламада.

Айта кетелік ІІМ цифрлық технологиялар арқылы жол қозғалысына бақылауды күшейтеді